Қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш инженер, оқу министрі, ақын, есімі елге тараған әншілерді естуіңіз бар ма? Олардың ішінде бар-жоғы 22 жасында өмірден озған дарынды ақын Шолпан Иманбаева, «АЛЖИР» тұтқыны болып, өмірдің ауыр сындарынан өткен Зағипа Тіналина, «Қараторғай» әнін алғаш рет таспаға жаздырған Шолпан Жанболатқызы бар. Қазақ тарихында Шолпаннан бұрын жеке кітап болып өлеңі басылған бірде-бір қазақ қызы болған емес.
1923 ж Ақмола қаласындағы алты айлық сауат ашу курсын бітіріп, Ақмола қаласындағы балалар коммунасында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Балалар туралы бірнеше өлең жазады. 1923 ж «Еңбекші қазақ газетінде» Шолпанның «Жолаушы мен жұмыскер» атты өлең басылады. Қазақ қызының баспасөзге жариялануы үлкен құбылыс болғаны анық.

Алма Оразбаеваның жолдамасының арқасында 1924 ж Орынбордағы әйелдер курсында білім алады. Курсқа келген отыз шақты әйелдің арасында зық шығады. Курстың жанындағы қабырға газетінің редакторы, көркем-өнер үйірмесінің жетекшісі болады.

Өкпесі қабынып, 1925 ж денсаулығына байланысты туған аулына қайтады. Әркімнің есігінде жүрген жетім бауырларының басын қосып, өз алдына түтін түтетеді. 1926 ж небәрі 22 жасында мезгілсіз қайтыс болады.

Шолпан Иманбаева өлең жазумен шұғылданған бар-жоғы үш жылы ішінде 50-60 өлең жазып қалдырды. Бірақ олардың көбі көзінің тірісінде жарық көре қоймады.
Сара Есова 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналының редакторы болып қызмет істеп жүргенде ақынның еңбектерін жинақтап, алғы сөз жазып, Нәзипа Құлжанова екеуі «Таңдамалы өлеңдер» деген атпен Қызылорда қаласында кітап етіп бастырып, жарыққа шығарған. Сол кітапқа С.Сейфуллин «Таныстыру» деп аталатын шағын ғана беташар мақаласында: «Үзілген қызғалдақ, қиылған көк шыбық қалды көміліп топырақ астында, Өзі өлсе де Шолпанның сөзі қалды артында» деп жазыпты. Ақын қыздың кітабы 1950 жылы екінші рет басылады және 1971 «Жазушы» баспасынан қайта басылып шығады.

Шолпан Иманбаева (1904-1926) — қазақ ақыны. Ол Ақмола уезі, Майбалық ауылында дүниеге келген. 1923 жылы «Жолаушы мен жұмыскер» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. «Бұлбұл мен қарға», «Жалшы әйелдер аузынан» өлеңдерінде қоғамдағы ұнамсыз құбылыстарды өткір сынады, өз түсындағы қазақ әйелдерінің мүң-мүқтажын жырлады.

Қазақ ақыны. Ақмoла oблысы Қopғалжын аyданы Майбалық аyылында дүниеге келiп, Ақмoла қаласында қайтыс бoлған. Он төрт жасында өзінен әлдеқайда үлкен Бөкей есімді азаматқа еркінен тыс тұрмысқа шығады. С.Сейфуллин көмегінің арқасында өмірі қорлықпен өткен Шолпан 1921 ж бостандыққа қолы жетеді .

1923 жылы Ақмoла қаласында саyат ашy кypсында oқыған. Oны бiтipген сoң қаладағы балалаp кoммyнасында тәpбиешi бoлып қызмет iстейдi. Oсы кезден бастап шығаpмашылыққа ден қoйып, өлкелiк әйелдеp кypсында өз өлең-жыpлpын жиi oқып жүpедi. «Жoлаyшы мен жұмыскеp» деген алғашқы өлеңi 1923 жылы «Еңбекшi қазақ» (қазipгi «Егемен Қазақстан») газетiнде жаpияланды. Кейiн «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдiгi» жypналдаpы мен «Жас қайpат» газетiнде саяси-әлеyметтiк тақыpыптағы өлеңдеpi жаpық көpдi.

Алма Оразбаеваның жолдамасының арқасында 1924 ж Орынбордағы әйелдер курсында білім алады. Курсқа келген отыз шақты әйелдің арасында зық шығады. Курстың жанындағы қабырға газетінің редакторы, көркем-өнер үйірмесінің жетекшісі болады.

Өкпесі қабынып, 1925 ж денсаулығына байланысты туған аулына қайтады. Әркімнің есігінде жүрген жетім бауырларының басын қосып, өз алдына түтін түтетеді. 1926 ж небәрі 22 жасында мезгілсіз қайтыс болады.

Шолпан Иманбаева өлең жазумен шұғылданған бар-жоғы үш жылы ішінде 50-60 өлең жазып қалдырды. Бірақ олардың көбі көзінің тірісінде жарық көре қоймады.
Сара Есова 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналының редакторы болып қызмет істеп жүргенде ақынның еңбектерін жинақтап, алғы сөз жазып, Нәзипа Құлжанова екеуі «Таңдамалы өлеңдер» деген атпен Қызылорда қаласында кітап етіп бастырып, жарыққа шығарған. Сол кітапқа С.Сейфуллин «Таныстыру» деп аталатын шағын ғана беташар мақаласында: «Үзілген қызғалдақ, қиылған көк шыбық қалды көміліп топырақ астында, Өзі өлсе де Шолпанның сөзі қалды артында» деп жазыпты. Ақын қыздың кітабы 1950 жылы екінші рет басылады және 1971 «Жазушы» баспасынан қайта басылып шығады.

Шығаpмалаpы 1927 жылы «Таңдамалы өлеңдеp» деген атпен Қызылopда қаласында басылып шықты. Иманбаева өз тұсындағы қазақ әйелдеpiнiң мұң-мұқтажын, аpман-тiлегiн жыpлады («Қoңыp қаз», «Қазақ әйелiне», «Жoлдасыма», «Апайға», т.б.), жастаp мен ғылым-бiлiм тақыpыбына өлеңдеp аpнады («Жеттiк мiне», «Бiздiң Сәyле», «Жас iнiме», «Жас қайpатқа» және «Жастаpға», т.б.), кoғамдағы ұнамсыз құбылыстаpды өткip сынға алды («Бұлбұлмен қаpға», «Зейнепке», «Жәкең жаман сасады»). Иманбаева өлеңдеpi мазмұнының өткipлiгiмен, тiлiнiң көpкемдiгiмен еpекшеленедi. Жypналист Латифа Мұpатбекoва Ш.Иманбаеваның өмipi тypалы былайша сыp шеpтедi.

«Өткен ғасыpдың 20 жылдаpында өзiнiң талантты жыpлаpымен oқыpман жүpегiн баypаған қазақтың қаламгеp қыздаpының бipi Шoлпан Иманбаева – өз ғұмырында азап пен қорлықтың зардабын көп тартқан, тағдыр тауқыметін кеп көтерген жан. Шолпан – қазақ әдебиетінің іргетасы қалана бастаған кезде дәуір дүбірінен оянып, заман тынысын ерте сезінген, өзінің өршіл, отты өлеңдері мен көзге түскен ақын.

Аралға қонды суы жоқ,
Мезгілсіз ұшқан қоңыр қаз.
Бауырын төсеп жатуға,
Жапырағы жоқ, жері саз.
Ұясына, өскен жеріне
Қайтайын десе қаңқылдап,

Болар ма екен оған жаз, – деп өксіген Шолпан әйел бостандығын өз шығармашылығына ту етіп көтереді. Шолпан кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жоқшылық байлаған әкесі Иманбай 1918 жылы Шолпанды Алдоңғардың Бекейі дегенге тоқалдыққа береді. Жас қызға бұл ауыр тиеді, жанын жабырқатып, көңілін басады. Шолпан 1921 жылы Қорғалжын өлкесіне жұмыс бабымен келген өкілдерге шағым айтып, өлеңмен мұң шағады.

Далба-жұлба, шоқпыт-шоқпыт киімім,
Ауыр тұрмыс көрдім талай қиынын.
Өмір өтіп зарлау-жылау кайғыда,
Жеңе алмадым көңілдің жас түйінін, – деп, өзінің аянышты өмірін өткір тілмен жеткізеді. Ол осындай өршіл, жасқанбас жалынды өлеңдерімен зорлық-зомбылыққа қарсы шығады. Бас бостандығына, ақыры тілегіне ол 1921 жылы қолы жетеді. Осыдан көп өтпей-ақ Шолпан Ақмола қаласындағы сауат ашу мектебінде 6 ай оқиды да, жетім балалар тәрбиелейтін Коммунаға тәрбиеші болып қызметке орналасады. Коммунаның қабырға газеті Шолпан үшін алғашқы әдеби мектеп болды. Ауыл сахнасында өз өлеңдерін оқып, өлең өріне ұмтылуға көп мүмкіндік туады. Шолпан өлеңдері ауыздан-ауызға тарап, Ақмола жұртшылығына ақын қыз әбден белгілі болды. Шолпанның тұңғыш өлеңі 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне басылады. Сол уақыттан бастап талантты қыздың тартымды өлеңдеріне кең жол ашылады. Шолпанды өнер өрiне тартып, өз қамқорлығына алып, сүйеніш болған Назипа Құлжанова еді. Ол 1923 жылы Шолпанды өзіне серік етіп, Ақмола уезінің оқу бөлімінің нұсқаушысы қызметіне орналастырады. Өлеңдерін ауылдағы апа-сіңлілеріне оқудан әрі аса алмай жүрген Шолпанға Нәзипа Құлжанова «Еңбекші қазаққа» өлең жолдауға кеңес береді. Шолпанның тұңғыш өлеңі осылай жарық көреді. Ол «Жолаушы мен жұмыскер» деген өлеңі еді. Шолпанның кеше алақандай ауылдан аспай жүрген өлеңі енді бүкіл қазақ даласына тарайды. Шолпанның көкейін кескен оқу арманы оны алға жетеледі. Бір сәт тыным таппады. 1924 жылы 4 қыркүйекте Шолпан Орынборға келеді. Қаланы аралап, әйелдер курсының оқу үйі мен жатақханасын әрең іздеп табады. Білімнің бұлағынан сусындауға шөлдеген Шолпан таңды-таңға, күнді-күнге ұрады. Арман алысқа жетеледі. Орынборға келген Шолпан ол кезде «Қызыл Қазақстан» журналында жұмыс істеп жүрген Нәзипа Құлжановаға жетуге құмартты. Жазған өлеңдерін жинастырып, Рабиға Темірбаева екеуі журнал редакциясына келді. Нәзипадай қамқоршы тәтесімен дидарласқан Шолпан бір жасап қалды. Нәзипа аман-саулықтан соң Шолпанның өлеңін сұрайдЫ. Дайындап апарған өлеңдерімен танысқан соң әзірше жалғыз ақын қыз Шолпанның өзі екенін ескертіп, үлкен жолға бағыт-бағдар сілтеді. Шолпанның бұл өлеңдері көп кешікпей «Қызыл Қазақстан» журналында басылып шығады. 1924 жыты желтоқсан айында Орынборға келген соң, оқыған ортаға түсу Шолпанға даңғыл жол ашады. Шолпанның ақындық дарыны бірге оқып жүрген құрбыларына танылып қана қоймайды, курс ауласынан шығып, өлкелік газет-журналдар арқылы кең таралып, еңбекші елдің жаршысына айналады.

Үлгілі сөз,
Бола ма кез
Оқып, білім жазбаса?
Алтын мен жез
Алынбас кез
Еңбектеніп қазбаса, – деген өлең өзімен бірге оқыған шәкірттерді білім шыңына шығарып, шабыт бергендігі сонша, ел аузынан түспес жырға айналды. Орынборда бір жарым жыл оқу Шолпанға үлкен жол ашып, оң мен солын түсініп, әлеуметтік-қоғамдық өмірге етене араласа бастады. Оның үстіне әдебиетші деген сенімін орнықтырып, үмітін ұзаққа жетеледі. Көкірегі ояу, көңілі зерек Шолпан оқуды тиянақты оқыды. Қазақ қыздарына үлгілі-өнегелі болды. Ол сол кездегі «Әйел теңдігі» журналына үзбей қатысып, журналдың шығуына араласып тұрды. Шолпанның «Әйел теңдігі» журналы бетіндегі өлеңдері қазақ әйелдеріне серпіліс туғызды. Қараңғылық пердесіне сәуле түсіргендей әсер етті. Шолпан өлеңдерінің көпшілігі сол Қазан революциясы жеңісі мен жаңа заман жемісіне арналды. Қалың малдың құруына, әртүрлі саяси тақырыптарға арнап жазған өлеңдері «Әйел теңдігі» журналына үздіксіз жарияланып отырады. «Жамал Жолдасқа» деген өлеңі:

Замандас, көп қажыма қиял ойлап,
Ой түбі – бір терең сай кетсең бойлап.
Ақындық тұғырға көтеріліп, қаламы төселіп, қадамы қарыштаған шақта Шолпан ауыр дертке душар болды. Окуын бітірісімен еліне жүріп кетті. Алайда, алған білімі мен жазған рухани жемісін апа-сіңлілеріне, құрбы-құрдастарына жеткізе алмай, төсек тартып жатып қалды. Ауыр дерт өршіл Шолпанды жасыта алмады.

Өзі сырқаттанып жатса да келешекке зор үміт, сергек сеніммен караған Шолпан қағаз-қаламын бір сәт те колынан тастамай, өлеңдер жазып, Қызылордадағы редакциялар мен жолдастарына жолдап жатты. Ақын Иманбаева Шолпан 1926 жылдың 18 қыркүйегінде дүние салды. Оның «Октябрь мейрамына» деген соңғы өлеңі «Әйел теңдігі» журналына шықты. Қыршынынан қиылған Шолпанның қажырлы өлеңдері жастардың келешек жолына арналды. Шолпанның көзі тірісінде кітабы жарық көрмеген. 1927 жылы «Шолпанның таңдамалы өлендері» атты жинағы жарық көрді. 1950 жылы ақын М.Хакімжанованың құрастыруымен ол қайта басылып шықты. Алғы сөзін Қ.Жармағамбетов жазған жинаққа 1927 жылы жарияланған 27 өлеңі мен 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде басылып шыққан «Қазақ әйелдері» атты мақаласы енгізілген. Жинақта ақын шығармалары хронологиялық тәртіппен, жазылу мерзіміне қарай орналастырылған. Онымен қоса Шолпанның өмір жолы мен шығармашылық қызметін айқындай түсетін Нәзипа Құлжанованың «Ақын Шолпан», Арықова Нағиманың «Шолпанмен бірге өткізген күндер» атты мақалалары басылған. Шолпан Иманбаева «Әйел теңдігі» журналының есігін:

Еңбегімнің бәрі кетіп далаға,
Шерлі жүрек толған қайғы-санаға,
Ас орнына ішіп сарсу жуынды,
Итше бірге сүйек аңдып қорада, – деген өлеңімен қаққан еді. Қазан революциясына дейінгі отбасы, ошақ қасынан аттап шыға алмай, мал бергеннің жетегінде кете барған күллі қазақ әйелдерінің аузындағы зарын-мұңын қолындағы қаламымен кестелі өлең етіп «Әйел теңдігі» журналына жазған болатын. Қазақ қыздарының көңіл шерін жырлауға аласұрып, «Арманым жалғандағы – өнер, ғылым», «Оқу аз, білім саяз, талабым көп» деп ізденіп шарқ ұрған ақын Шолпанның өмірі тым қысқа болды. Нәзипа Құлжанова 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналының 8-санында басылған «Ақын Шолпан» атты мақаласында: «Шолпанның көзге түспей қоймайтын бір басқалығы бар еді. Үйреншікті қалыпқа сыймай, шып-шып шығып тұрған екпін көрінетін… Шолпан ақын еді. Көбіне әйел мұңын жырлайды, ойына алған сөзді еркін жазатын түрі бар еді. Еңбекші азамат, Шолпан сияқты еңбекші елдің игілігіне туған асылдарымызды ерте бастан ардақтап, көзіміздің қырынан кетірмей, қызығын да, шыжығын да бағалайық дегім келеді. Қош, бауырым, Шолпан! Орынбасар сіңлілерің тез келіп, артыңда қалған жаңа шыққан жас тілектің белгісі өлең кітабың соларға ақындық «Шолпаны» болуына тілектеспіз» деген еді. Шолпанның сіңлісі атанып, поэзия жанрына айтулы үлес қосқан Мәриям Хакімжанова «Қазақ әдебиеті» газетіне 1974 жылғы 17 мамырдағы санында жазған «Шолпанымыз» атты мақаласында «8 наурыз мейрамына», «Жастық арман», «Мен қызы едім жалшының», т.б. өлендерін газетке жариялады. Шолпан туралы Н.Құтжанованың естелігінен үзінді: «Шолпанды мен ең алғаш көруім — Ақмолада, 1921 жылдың күзінде Қорғалжын еліне берген жерінен уезден барған бір инструктордың жәрдемі мен күйеуінен шығып, Ақмоладан 30 шакырым жердегі апасына келген кезі. Үстінде көнетоз барқыт бешпетті бар, басында кызыл шұбар орамалы, қара шұбар. дөңгелек бет, орта бойлы жас әйел. Жылаған жоқ, сықтаған жоқ, еркін отырып аз сөзбен хат жайын айтты». Шолпанның аз ғұмыры күреспен өткен. Ол зорлықпен, содыр күштермен күрескен қабырғасы қатып, бұғанасы бекiмей жатып-ақ асқан өжеттікпен, қайсарлықпен кіріскен. Енді Нағима Арықованың естелігіне үңілейік: «Ол қарапайым қазақтың қызы болғанмен, оқып көз тартып, көңіл аударған ерекше бір қасиеті бар-ды. Шолпан өзін еркін ұстайтын, қымсынуды, қорғануды білмейтін. Егер өзін көрсең, оны күңдіктен кеше босаған әйел деп білмес едің. Ол берік, орнықты сөйлейтін, ақылдылығымен қатар тілге де шешен, тапқыр келетін. Мейлінше турашыл, бетке айтатын. Өтірік, өсек дегенді жек көретін. Өзінің жүріс-тұрысы еркек бала сияқты еді» дейді. Камал Ярлыкашованың естелігінде: «1924 жылы тамыз айының орта кезінде Семейден Орынборға баратын пойызға міндік. Ол кезде темір жол көрген қазақ әйелі аз еді ғой. Менің де темір жолмен бірінші рет сапарға шығуым еді. Бізді алып келе жаткан пойыз Қызылжар қаласына келіп тоқтады. Жұрт сапырылысып, түсіп, мініп жатыр. Біз отырған вагонға үш адам мінді. Оның бірі – бойшаң, жауырынды, бетінде аздап шешек дағы бар жас әйел. Әлгі әйелдің орны менімен көршілес болып шықты. Тосыннан кездескен кісі қандай жат болып көрінеді. Сол сияқты біз де бір-бірімізбен алғашында шүйіркелесе қоймадық. Күн кешке айналды. Байқаймын, әлгі әйел онша ынжық, момын көрінбейді. Манағы өзімен бірге мінген жолдастарымен әзілдесіп отырды. Кешкі тамақты солардың купесіне барып ішті. Ол түн сонымен өтті. Келесі күні ертемен мен тұрсам, әлгі әйел де тұрып, киініп алған екен. Орнымызды жинап, екеуміз жуынуға бардық. Оның киімі қалаша: үстінде кофта, юбкасы бар. Шашын желкесіне түсіре түйген. Маңдай шашын кейін қайырып, тарақпен түйреп қояды. Бізден бұрын жуынуға барып тұрғандар бар екен, соларды күтіп, біз де барып тұрдық. Сол жерде мен аз да болса үлкендігімді пайдаланып, әлгі әйелден жөн сұрадым. Сұраса келсек, ол да әйелдер курсына келе жатыр екен. Содан былай қарай екеуміз сөйлесіп, сырласа бастадық».

Қай естелікті алсақ та, ескілік бұғауын бұзып, теңдікке ұмтылған, жаңа өмірдің жаршысы болуға білім іздеген ізгі ниетті Шолпанға риза боламыз. Оның ақындығы мен алғырлығы қазақ қыздарының мақтанышына айналған.
Қазіргі таңда Астана қаласындағы орталық көшенің біріне Шолпан Иманбаева есімі берілген.