
Сарыағаш ауданына қарасты Тасқұдық елді мекенінің тұрғыны Гүлнар Өтешова Түркістан қаласында өткен «Керемет келін» байқауына қатысып,жүлделі ІІ орынды иеленді.
Байқау барысында ауылдың инабатты келіні Гүлнар қазақтың салт-дәстүрлерін терең меңгергенін көрсетіп, ұлттық тағам дайындау, қонақ күту, қазақтың дәстүрлі әндерін орындау сияқты сындардан мүдірмей өтті. Ақылдылығы мен инабаттылығы қазылар алқасын ерекше таңғалдырып, өз ұжымымен ұлттық салт-дәстүрді сахналастырып көрсеткен «Құрсақ шашу тойы» қойылымы жоғары бағаланды. Сондай-ақ, ұлттық киімді үйлесімді түрде кигені де көрермендердің көңілінен шықты.
Гүлнар Өтешова №43 Әл-Фараби атындағы шағын жинақты негізгі орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Бұған дейін «Дарынды балаға талантты ұстаз» сайысында, «М. Әуезов шығармашылығына» орай өткен байқауда да топ жарып, жүлделі орындарды иеленген.