
Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді билік, аудандық мәслихаттың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, Қазақстан республикасында мәслихат инистутының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан, ОҚО-ның бірнеше шақырылымның мәслихат хатшысы қызметін атқарған, мемлекет және қоғам қайраткері Әбілқасым Досболов, Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Алмас Салимов, Түркістан “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, қазіргі және бұрынғы мәслихат депутаттары, ардагерлер мен құрметті қонақтар қатысты.
Салтанатты шара барысында аудандық мәслихаттың бүгіні мен кешегісінен сыр шертетін бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. Аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы өкілді биліктің тарихымен бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды баяндады.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев өзінің құттықтау сөзінде мәслихаттардың жергілікті басқару жүйесіндегі рөлін, депутаттардың ауданды дамытуға қосқан үлестеріне алғыс білдірді. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары өнер көрсетті.
Қазақстан мәслихаттары өзінің 30 жылдық тарихында қоғамның дамуында маңызды рөл атқарды. Олардың жұмысын осы жылдар ішінде көптеген өзгерістер мен реформалар сипаттады. Мәслихаттар тек өкілді орган ғана емес, олар елдің демократиялық құрылымын нығайту, халықтың мүддесін қорғау үшін жауапты органға айналды. Сарыағаш аудандық мәслихатының тарихы – Қазақстанның жаңа заманға бейімделген өкілетті органдарының бір үлгісі. Әрбір шақырылым өз кезеңінің маңызды міндеттерін орындап, халықтың мүддесін қорғау жолында аянбай еңбек етті.