
Бүгін Отырар аудандық мәдениет сарайында Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
Жиынға мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер және зиялы қауым өкілдері, БАҚ қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, мәслихаттардың ел дамуындағы маңызын атап өтті. Жергілікті басқару органдарының қоғамның әл-ауқатын арттырудағы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Аудан әкімі өз сөзінде: «Бүгін біз еліміздегі Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуын салтанатты түрде атап өтудеміз. Мәслихаттар әрқашан азаматтардың мүддесін қорғай отырып, еліміздің даму жолында маңызды қадамдар жасайды. Мәслихаттардың 30 жылдығы — бұл тек өткенді бағалау ғана емес, алдағы уақытта да ел дамуына қосатын жаңа бастамаларды қолға алуға зор мүмкіндік. Баршаңызға қажымас қайрат, мықы денсаулық және жаңа жетістіктер тілеймін. Еліміздің Мәслихаттарының болашағы жарқын болып, әрбір өңірде әлеуметтік тұрақтылық пен даму нығая берсін»,-дей келе халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда мәслихат депутаттарының рөліне тоқталды.
Сондай-ақ, мерекелік жиында мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов пен аудандық мәслихат депутаты Төребек Айдарқұлов сөз алып, 30 жылдық тарихында Мәслихаттардың депутаттары өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындап, қоғамның түрлі мәселелерін шешуге атсалысқандығын жеткізді.
Іс-шара аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін бірқатар азаматтарға «Отырар ауданының Құрметті азаматы» атағы мен «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік төс белгісі табысталды.
Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, патриоттық тақырыптағы әндер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
2025 жылы Қазақстан Республикасында жергілікті өкілді органдар ретінде мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды.
1993 жылы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.
1994 жылы республиканың жаңа өкілді органдары – мәслихаттарға депутаттарды сайлау өткізілді.
Жергілікті билік органдары мемлекеттік басқарудағы маңызды буын рөлін атқарады және азаматтарға барынша қолжетімді әрі олардың проблемаларын шешумен айналысады. Мәслихаттар елдегі демократиялық өзгерістерді іске асырудың іргетасын қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.
Депутаттық корпус әртүрлі жастағы, кәсіп иелерінің өкілдерінен құралады, сайлаушылардың мүдделерін білдіреді және әкімдікпен бірге әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси міндеттерді орындайды.
Қазіргі уақытта елорда тіршілік тынысына қатысты барлық маңызды мәселелер мәслихат арқылы өтеді. Мәслихат сессияларында қаланы дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары бекітіліп, елорда әкімдігі бөлімшелері басшыларының есептері тыңдалады.