
Сайрам ауданындағы Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйінде «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында жиын өтті. Шарада бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселелер көтерілді. Отбасы құндылығы ұлықталды. Алдымен көпшілік назарына әкенің отбасыдағы орнына арналған бейнеролик көрсетілді. Бұдан бөлек, аудандық ардагерлер кеңесінің ақсақалдары баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы әкенің рөлі айрықша екенін айтты. Жиынға қатысушылар жас ұрпақты түзу жолдан тайдырмай тәрбиелеу — әрбір ер азаматтың парызы екендігін жеткізді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі әке-шеше мен ата-әженің рөлі жайлы баяндалды.
Аталған басқосуға Сайрам ауданының барлық жалпы орта мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар, ата-аналар комитетінің төрағалары, Сайрам ауданының әкелер мен әжелер ұйымдарының мүшелері қатысты.