Шардара аудандық мәдениет сарайында 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік -Тәуелсіздік» атты аудандық патриоттық әндер байқауы өтті.

Балалар арасындағы өнерлілер додасында бас жүлде аудандық саз мектебінің түлегі Барат Алыйға бұйырса, I орынды «Достық» тобы алды. II орынға Оразбек Шадияр, III орынға Ақерке Құрақбай мен Мейіржан Сәрсеналі тұрақтады.

Сонымен қатар, аудан әкімінің арнайы жүлдесімен Бекболат Әшім марапатталса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы жүлдесі Диана Ерсайынға табысталды.

Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.