Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша, «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғам медиациясы» әлеуметтік жоба аясында Абай ауданына қарасты білім саласындағы мұғалімдерге және жеке сот орындаушылар арасында «МЕДИАЦИЯ ҚОҒАМДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСТАУЫ» атты семинар-тренингі өтті.

Семинар-тренинг мақсаты: Медиаторлардың жұмыс тәжірибесін, Қазақстанда медиацияны дамыту жоспарын толық және жан-жақты сипаттау. Татулық пен тұрақтылық, дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.