24-қазан –Кітапханашылар күні. Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан — ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.

 ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- Кітапханашылар күні» болып бекітілді. 

Кітап — дүниедегі ештеңеге тең келмейтін білім бұлағының кәусар көзі.

Кітапхана — сан ғасырлар адамзат баласының бойына тарих керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен біліктіліктің, байлық пен білімдінің ордасы. Кітап оқитын қоғам қашанда бәсекеге қабілетті болары анық.

Кітапхана жайлы айта кетсек, рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқандай мәнін жойған емес. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда бәрінің бастау алар көзі — кітап. Елімізде білімді де, білікті, ізденімпаз жастар көп. Олай болса, жас оқырмандарды құнды қазына — әдеби туындылармен және жаңа ақпаратпен қаруландыра отырып, Қазақстанның бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосуға кітапхана қызметкерлері үлкен үлес қосуда. Сонымен қатар, кітапханаларда өткізілетін кештер, кітаптың тұсау кесері және мақсаттық, даталы күндерге арналған бағдарламалар көпшіліктің кітапханаға келуін арттырады.

Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле білмейтін, бірақ оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін патриоттық тәрбиеленуге жан-тәнімен беріліп қызметін атқарып жатқан кітапхана мен кітапханашылардың еңбегі елеулі екені рас.

Дана халқымыз « Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп бекерге айтпаған болса керек.

Жүсіп Баласағұн бабамыз: «Екі кісі -кісіліктің ұстасы, Бірі шәкірті, екіншісі ұстазы» деген екен.

Келешек ұрпағымыздың Отанын, елін, жерін, туған тілін сүюге, қадірлеуге, құрметтеуге кітапханашылардың істері айтарлықтай жұмыс.

Кітап оқымаған адам — тамырсыз қаңбақ.Өркениетті мемлекет болу үшін жеке пенделерді ғана байытып отырған материалдық байлық емес, ол мемлекет адамдарының рухани бай болуы керек. Кітап — сол рухани байлықтың негізі. Олқылықтың орнын толтырады.

Болашақ ұрпағымызды кітап оқуға рухани бай болуға шақырамыз.

Л. Қожамбердиева, Құрлық ауылының кітапханашысы.