
Бүгінде рухани өміріміздің өзегі болған кітапты көпшілік оқырманға, ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы тұлға, ол – кітапханашы.
24-қазан– «Кітапханашылар күніне» орай Сайрам аудандық мәдениет және өнер, тілдерді дамыту, спорт, денешынықтыру бөлімінің басшысы Дәулет Алашбаев еңбектері еленген ауылдық кітапханашыларды Алғыс хаттармен марапаттады. Кітапхана – мәртебесі биік, киелі шаңырақ. Бұл орын оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізеді.
Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапха-нашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олар тек қана оқырманға кітап беріп қана қоймай, көптеген маңызды жұмыстарды атқарады. Мәдени-әдеби іс-шаралар өткізіп, мерзімді баспасөздерге жазылуды ұйымдастырады. Олар — күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жетелеуші, сонымен қатар кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы.
Кітапханашы әріптестеріме кәсіби шеберлік пен парасаттылық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілеймін!
А.АСҚАРҚЫЗЫ, Жібек жолы ауылының кітапханашысы.