Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасындағы айтыс 1871ж. 31 қазанда қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде өткен.

Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады.

Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді.