
Бүгін Соозақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Маманов Сызған ауылдық округіне барып, аудандағы сұрапыл соғыстың соңғы майдангері Мырзахмет Жылысбаевтың шаңырағында болды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің ыстық сәлемін жеткізіп, Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай дайындалған сый-сияпатын табыс етті.
Өз кезегінде қазыналы қарт ардагер Мырзахмет Жылысбаев аудан басшысы тарапынан өзіне көрсетіліп келген құрметтерге алғыс айтты. Сондай-ақ 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай рухани астана Түркістан қаласына жасаған сапарына тоқталды. Сапар барысындағы қуанышты әсерлерімен бөлісті. Түрленген Түркістанның әсемдігі мен жаңарған келбетін аса мақтанышпен жеткізді. Киелі орындарға зярат еткенін тілге тиек етіп, сапарды ұйымдастырған азаматтарға алғысын білдірді.