
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова кенттер мен ауылдық округтерді аралап, жасы 100-ге жеткен қариялардың, тыл ардагерлерінің, жалғызілікті қарттардың шаңырақтарына барып мерекемен арнайы құттықтады.
«Қарияларды әлеуметтік жағынан тұрақты қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Біз қарияларға жан-жақты қамқорлық жасау арқылы өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтеуге үйретудеміз. Сіздерге бүгінгі қуанышты күні ұзақ өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін. Әрдайым ортамызда үлкен сый-құрметке бөленіп, аман-есен жүре беріңіздер!» — деді, Бақыт Насырханұлы.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 10 мыңнан аса зейнеткер бар. Оның 244-і тыл ардагерлері. Сондай-ақ, 250-ге жуық жалғызілікті қариялар ғұмыр кешуде. Қарияларымыздың денсаулығын жақсартып, сауықтыру мақсатында түрлі шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар берілуде.
Сонымен бірге, Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы мақтааралдық қарттарды мерекелерімен құттықтады:
«Құрметті ардагер қариялар! Сіздерді 1-қазан – Халықаралық Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1990 жылғы 14 желтоқсанда әр жыл сайын 1 қазанда — Халықаралық қарттар күнін атап өту жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бүкіл әлем, соның ішінде біздің Тәуелсіз елімізде де қарттарымыздың бұл төл мерекесін жыл сайын мерекелеп келеді.
Халқымыз «Үйіңде қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деп бекер айтпаған. Жақсы қартая білген адам күннің жарығы секілді өзгелерге нұрын шашады, санаға сәулесін сіңіреді. Қазыналы қарияларымыз – қоғамымыздың қымбат қазынасы. Олар – біздің тірегіміз, арқа сүйер ұстанымыз, мемлекетіміздің баға жетпес байлығы. Расында да, кезінде көп бейнет көрген қарттарымызды зейнетке бөлеу, құрметтеу, қамқорлық жасау – абыройлы борышымыз.
Мемлекет қарттарға ұдайы қамқорлық жасаумен келеді. Мемлекет басшысы халқына арнаған жыл сайыңғы Жолдауларында зейнеткерлерімізге барынша қолдау білдіріп, зейнетақыларын көбейтіп, әлеуметтік жағынан қорғалуына баса назар аударуда.
Қарияларды әлеуметтік жағынан тұрақты қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Біз қарияларға жан-жақты қамқорлық жасау арқылы өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтеуге үйретудеміз. Осы орайда, біздің ауданымызда да ардагерлердің материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, денсаулықтарын нығайтуына жан-жақты көңіл бөлініп келеді.
Бүгінгі таңда ауданымызда 10 мыңнан аса зейнеткер бар. Оның 244-і тыл ардагерлері. 250-ге жуық жалғызілікті қариялар ғұмыр кешуде.
Қарияларымыздың денсаулығын жақсартып, сауықтыру мақсатында түрлі шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар берілуде.
Аталар мен әкелерімізді, әжелер мен аналарымызды құрметтей білейік. Біз де солардың жасына жетеміз, сол кезде жастардың қамқорлығына мұқтаж боламыз. Қарттарды қазір қалай құрметтесек, біздің балаларымыз бен немерелеріміз де бұл үрдістен үлгі алып өседі.
Құрметті қариялар!
Сіздерге бүгінгі қуанышты күні ұзақ өмір, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін. Әрдайым ортамызда үлкен сый-құрметке бөленіп, аман-есен жүре беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!».