
Мақтаарал ауданы, Мақтарал ауыл округіне қарасты Н.Есентаев ауылында аудандық “Екі жұлдыз” ән байқауы өтті.
Қасиетті мекенімізді ән мен жырға, ұлттық патриоттық рухты оятуға бағытталған, дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту, ата – ана, оқушы, ұстаз арасында тығыз байланыс орнату, балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік, рухани бағытта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға елді мекендерден 12 үміткер қатысты.
Қазылар алқасының ұйғаруымен:
1 орын — Іңкәр Нұрбекқызы, Тәжібаева Динара (Атакент кенті),
2 орын — Құлмұрат Рауан, Шорапалов Батыр (Атакент кенті),
3 орын — Тәжіхан Ұлжалғас, Боранбаев Бекзат (Жамбыл а/о) мен Бейбулова Ақжарқын, Эйнуллаева Эмилия (Мақтарал а/о) жеңіп алды.