
«Өнерлі өлке өрендері» Мақтаарал аудандық өнер фестивалі аясында Бірлік ауылдық округінің мәдениет күндері өтті.
Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен шарада Бірлік ауылдық округінің талантты өнерпаздарының әні шырқалып, мың бұралған бишілер көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ерекше сәттің куәсі болған көрермен дән ризашылықтарын білдіріп, кештен қимай тарқасты.
Шараға қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен қолөнер туындылары, ұлттық ойындар қойылып,
салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа негізделген көріністер қойылды.
Айта кетейік, Мырзакент кентінің “Жастар гүлзары” орталық алаңында ауданның мәдениет күндері әр жұма күні жалғасатын болады. Келесі болып 27 қыркүйек күні Жамбыл ауылдық округінің өнерпаздары жалғайды.