Бүгін Түлкібас ауданы, «Қарлығаш» МКҚК бөбекжай-бақшасында ұлт болашағы мен ұрпақ тәрбиесінің алтын көпірі саналатын, маңызы зор шара – «Батаменен ел көгерер» сайысы өтті. Бұл шарада мектепалды тобының тәрбиеленушілері өз әкелерімен бірге сахнаға шығып, батырлық пен имандылықты ұрпақ санасына сіңіру жолында бірлесіп өнер көрсетті.
Әрбір әкенің баласына берген батасы, өнегелі өсиеті, елге деген сүйіспеншілігі ерекше әсерлі сәттерге толы болды.
Сайыс – тек өнер көрсету емес, сонымен бірге әке мен бала арасындағы ерекше байланысты, тәрбиенің маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Әрбір әке батамен қанаттанған бала, болашақта елін сүйетін, дәстүріне адал азамат болып өседі деген сенімдеміз.
Осындай маңызды шаралар арқылы біртұтас тәрбиенің негізін қалай отырып, ұрпақ сабақтастығының маңыздылығын ұлықтаймыз. Бүгінгі сайысқа қатысқан бақшамыздың әкелері Алғыс хатпен марапатталды.