Түркістан облысының білім басқармасының » Облыстық білім беруді дамыту орталығының » жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм » тақырыбындағы онкүндік іс-шара жоспарына сай Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында «Ұлттық фильм күні» аталып өтілді.
«Ұлттық фильм күні» — қазақ халқының тарихы мен төлтума мәдениеті көрініс тапқан ұлттық фильмдер көрсетілді.
Соның бірі аудан орталығындағы И.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары «Міржақып. Оян қазақ!» фильмін көрсе, ал 6-сынып оқушылары Қазақстанның ең үздік фильмдерінің бірі » Менің атым—Қожа » кинофильмін тамашалады.
Бұл кинофильм көрсетудегі басты мақсатымыз: оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, еліміздің мәдениеті мен тарихын танып білуге баулу.
Аудан көлемінде «Ұлттық фильм күні» төмендегі фильмдерді оқушыларға көрсету ұсынылды:

  1. «Жаужүрек мың бала»
  2. «Ахмет. Ұлт ұстазы»
  3. «Міржақып. Оян, қазақ!»
  4. «Менің атым Қожа»
  5. » Құнанбай».