
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары ұстаздары арасында, ұстаздың тарихи танымдығын, педагогикалық–психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау мақсатында «Өнерлі Ұстаз» байқауы ағымдағы жылдың 23 қазан күні Абай атындағы МЛ базасында өтті. Тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше көңіл бөлу; жаңартылған білімдегі тәжірибесімен өзара бөлісу;
Ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру міндеттерін іске асыру барысында байқау 3 шарт бойынша өткізілді
- Өзін-өзі таныстыру кезеңі.
- «Дублер күні» кезеңі.
Бұл кезеңде әрбір ұстаз жеребе бойынша өзін білім саласының 18 мамандық иесі ретінде сахнада сомдады. - Өнер кезеңі. Ән, би, күй, т.б. шығармашылығымен қатысты. Байқауға қатысушылар төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.
- көркем орындау деңгейі, берілген тапсырманы зерделеу және аша білу дағдысы;
- мұғалімнің этикалық және эстетикалық мәдениетінің сақталуы, сахналық мәдениеті, тіл байлығы, сөз шеберлігі;
- көрсетілген ақпараттың зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерінің сәйкестігі;
- өзектілігі, зерттеудің жаңалығы тәжірибелік және әлеуметтік маңыздылығы;
- қоғамдағы мұғалім мәртебесін көтеру. Байқау қорытындысы бойынша, байқауға қатысушылар аудандық білім бөлімінің І,ІІ,ІІІ Дәрежелі Дипломға ие болды! Байқаудың жеңімпазы Т.Иманбеков атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Абылаева Айнұр Есхожақызы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Облыстық кезеңде әріптесімізге сәттілік тілейміз!