Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» этнос өкілдерінің қатысуымен «Кім білгір?» интеллектуалды ойыны өтті. Аталған шара облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң қолдауымен ұйымдастырылған. Шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев сөз алып, жиынның маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар мақал-мәтелді жалғастыру, жұмбақтың жауабын табу және көнерген сөздердің мағынасын айту сынды үш кезеңде бақ сынады.
Нәтижесінде жүлделі 1-орынды Кентау қаласының құрамасы иеленсе, 2-орынды Төлеби ауданына бұйырды. Ал, 3-орынға «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің командасы ие болды. Осылайша өңірдегі этнос жастары сайыста өз белсенділіктерін танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды.