
Бүгін Сауран ауданы әкімдігінде 19 қазан — Құтқарушылар күніне орай аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаев аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Іс-шараға Сауран аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Қуанышбаев, Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев қатысты.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев “19 қазан – Құтқарушылар күні. 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді. Бұл мерекеге биыл 29 жыл толып отыр. Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады”, деді.
Кездесу барысында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев, Сауран ауданының бас имамы Б.Акауов сөз сөйлеп, орын алған табиғи апаттар мен өрт жағдайларында құтқарушылардың еңбегі жоғары екендігін айтып, бүгінгі мерекелерімен құттықтады.
Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаев кездесуге келген аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.