Түркістандықтар қазан айында қос мерекені қатар атап өтеді. Елдігіміздің белгісі – «Республика күнімен» қатар, «Қала күні» мерекесін де атап өту дәстүрге айналған.
Осыған орай, «Түркістан көркі» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлері шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
Байқауда оқушылар қиялындағы көріністерді ақ қағазға түсірді. 71 оқушы қатысқан байқауда түрлі бағытта суреттер салынып, нәтижесінде Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Айнора Құрбанәлі мен Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Мереке Айтбайдың жұмыстары жоғары бағаланып, бас жүлдеге ие болды.
Жеңімпаздармен қатар барлық қатысушылар қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарына ие болды.