
Кентау қаласында Республика күніне орай Көктөбе демалыс аймағынан бастау алған автошеру өтті. Шара басында мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, Әнұран шырқалды.
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-ң мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған болатын. Сол сәттен бастап еліміз жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Айтулы мерекені кең көлемде атап өту кентаулықтар үшін үрдіске айналған. Шеруге қаланың белсенді, спортшы жастары атсалысты.