Бүгін «1 Қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай аудан қарттарының бастарын қосып, дастархан жайылып, салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында, аудан әкімі Арман Абдуллаев сөз алып, құттықтау сөз сөйледі.

-Құрметті абзал ардагер ағалар, қадірлі асыл аналар!

Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз –келер ұрпақ үшін үлгі-өнеге.Өздеріңізден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз сіздер бастаған игілікті істерді жалғастыруда.Сіздердей Халқымыздың арасында әңгімесі бәтуалы ақсақалдарымыздың барында еліміздің ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі.

Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Әрдайым қоғамда да, ел ішінде де сарқылмас даналық қасиеттеріңізбен ерекшелене беріңіздер! Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!-деп ізгі тілегін жеткізді.

Мерекелі іс-шарада ауданның бірқатар қариялары әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін төс белгілері және алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов те мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданның қапзыналы қарттарын мерекелерімен құттықтады: Құрметті қазыналы қариялар! Ардақты асыл әжелер! Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен халқымыз қашанда қарттарын қадірлеп, ардақтаған ел. Бүгінде әр шаңырақта ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет.

Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

Қазіргі таңда зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкенді құрметтеу – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басым бағыттарының бірі ғана емес, әрбір адамның парызы.Өйткені аға буын өкілдері-еліміздің алтын қоры, тарих пен дәстүрді сақтаушылар.

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында қарттарға, зейнетақы мен жәрдемақының сатылап көтерілуіне және зейнеткерлер мен ардагерлерді жан-жақты қолдау, үлкендерге көңіл бөлу мен қамқорлық жасау шараларын жүзеге асыруда.

Бүгінде ауданымызда 1 Ұлы Отан соғысының ардагері, 16 мыңнан аса ардақты қарияларымыз бар.

Осы қарияларымыздың жүріп өткен жолдары, еткен еңбектері – ұрпақ үшін үлгі-өнеге.

Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.Бүгінде еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Өмірден көргені мен тоқығаны мол қарияларымыз-біздің баға жетпес байлығымыз. Сіздерге қамқорлық жасау-біздің перзенттік парызымыз деп ойлаймын.

Құрметті аға ұрпақ өкілдері!

Сіздердің еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы орасан зор еңбектеріңіз кейінгі ұрпақ жадынан ешқашан ұмытылмайды.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!», делінген құттықтауда.