
«1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бақармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де салтанатты мерекелік іс-шара аталып өтілді.
Қазіргі таңда, аталған мекемеде ауданымыздың 5 тұрғыны қызмет алуда. Қарияларымыздың төл мерекелеріне орай, құрмет көрсету мақсатында, сый-сияпаттар ұйымдастырылып тиісті мамандар құттықтап барды.
Сонымен қатар, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызметкерлерлері үйде қызмет алушы 125 жалғызылікті қарттардың көңілін аулау мақсатында, арнайы үйлеріне барып, сыйлықтар табыстады.
Орталық қызметкерлері қарияларымызға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында, Құтарыс, Көлкент, Ақсукент, Қайнарбұлақ ауылдық округтерінде тұратын жалғызілікті қарттарымыздың аулаларын күл қоқыстан тазалап, үйлерін әктеп, қыс мезгіліне дайындау үшін есік-терезелерін қаптап, ауылдық округтерінің әкімдерінің ұйымдастыруымен қатты отынмен қамтамсыз етілді.
Тәуелсіздік пен береке – бірліктің несібесі бұйырған, тарихы терең, тағылымы мол халықтың ұрпағымыз.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол — ұрпақтың көрегендігі емес пе?! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанатымен мағыналы ғұмырында биік бір белеске жеткен ата – апаларымызға ыстық ықыласымыз шексіз.
Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың дәстүрінде дәріптеліп, салты мен санасына берік орныққан қасиет.
Әр күндеріңіз мерекеге, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын асыл қариялар!