
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша “ЖАЛЫН” қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен 5 қыркүйек — Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай Шымкент қаласының түрлі этнос өкілдері арасында «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты әлеуметтік желі арқылы мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды.
3-орын иегері Д.Нұрпейісова атындағы № 116 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы- Ахмедова
Ясмина-смарт қол сағаты (жетекшісі-Оспанбекова Балхия Сейтбековна)
2-орын иегері Д.И.Менделеев атындағы №15 жалпы орта білім беретін мектебенің 5 сынып оқушысы-Устеменко Иван-ұялы телефон
(Жетекшісі-Уразбаева Баян Садибековна)
1-орын иегері Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы- Бахтияров Билалхан-ноутбук (жетекшісі-Божбанбаева Шолпан Алимовна)
Бас жүлде иегерлері № 135 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушылары- Иристаев Хасан және Иристаев Хусан- теледидар
(жетекшілері- Ахмед Бекзат Сатыбалдыұлы)