Түркістан облысында тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы төрт ірі мақта өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Түркістан облысына инвестициялар тарту, су үнемдеу технологияларын енгізу, егістік алқаптарын ұлғайту бағыттарында оң өзгерістер байқалады. Осы мақсатта бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин жұмыс сапарымен Отырар ауданындағы «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-ның заманауи мақта өңдейтін кластерінің құрылыс алаңында болды.

Сапар барысында холдинг төрағасы көпфункционалды кешеннің құрылыс жұмыстарымен танысып, Түркістан өңірінің өндірістік әлеуетін оң бағалады. Сондай-ақ тараптар агроөнеркәсіп саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Мақта кластерінде жылына 360 мың тонна шитті мақта өңдеу жоспарланған. Жалпы жоба құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Мұнда тұрмыстық және дайын тоқыма өнімдерін шығарылады. Жоба толық іске асқан жағдайда 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы аумағы 39 308 шаршы метрді қамтиды. Кешеннің инфрақұрылым жұмыстары жеке инвестор есебінен жүргізілуде.

Осы тұста Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы маңынан су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, мақта талшығынан жіп, мата және дайын тоқыма өнімдерін шығаратын жаңа зауыт салу жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінде Отырар өңірінде 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы мақта егілген. Алқап маңында салынатын төрт зауыттың екеуін биыл іске қосу жоспарланған, қалған екі кластердің құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтпелі.

Мақта кластерінің дамуы Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласына жаңа серпін беруде. Тамшылатып суару технологиясының қолданылуы су үнемдеудің тиімді әдісі ретінде мақта өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында егістік алқаптарының өнімділігі артқанымен қатар, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану басты назарда. Жаңа зауыттар мен кешендер салу облыстың экономикалық жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге ықпал етеді.

Ең бастысы, осы жобалар Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Құрылыс жұмыстары мен жаңа технологиялардың енгізілуі облысқа түрлі инвесторларды тартуға мүмкіндік беріп, өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін толық ашуға жол ашады. Осылайша, мақта өңдеу кешендері мен жаңа зауыттар болашақта тек ішкі нарықта ғана емес, халықаралық нарықтарда да бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.

Жалпы, жобаның іске асуы ауыл шаруашылығының жаңаруына, оның ішінде мақта кластерінің толыққанды даму процесіне негіз болады. Бұдан басқа, мақта өндірісін әртараптандыру арқылы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл жоба облыс үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып, агроөнеркәсіп саласын дамытудың көшбасшысы болуға үлкен қадам жасайды.