Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта қазіргі таңда 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобалар іске қосылғанда 2 956 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұдан бөлек, қаладағы индустриалды аймақта 23 жоба іске қосылып, 961 адам жұмыспен қамтылған. Жоспарланған жобалар аясында шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылуда.

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 22 010-ға жетіп, салада 34 500 адам жұмыспен қамтылған. Қала экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі жалпы өңірлік өнімнің 65-68 пайызын құрайды. Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде 30 жобаға 4,2 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.

Алдағы уақытта, әсіресе, шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен құрылған кәсіпорындар, жаңа технологиялар мен өндіріс әдістерін енгізуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Түркістан облысының экономикалық инфрақұрылымын дамыту мақсатында осы жобалардың нәтижелері өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға зор ықпал етеді.