«23 маусым — Қазақстан Республикасының Полициясы күніне» орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық полиция басқармасының басшысы Есенғали Бейсебаев, полиция қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде тәртіп сақшыларының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, құқық бұзушылықтың алдын алудағы және халықтың тыныштығын сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, үздік қызметкерлерге арнайы алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.
Сонымен қатар, аудандық полиция басқармасының басшысы Есенғали Бейсебаев арнайы қатысып, құқық қорғау саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
Іс-шарада полиция қызметкерлері мен ардагерлеріне алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Сонымен қатар, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көрермендер назарына патриоттық әндер мен концерттік номерлер ұсынылды.