
Кентау қаласында “23 маусым — Мемлекеттік қызметші күні” мерекесі қарсаңында жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналары құрметке бөленді.
Қала әкімдігі аппаратының басшысы Бауыржан Абенұлы ата-аналарды қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.
Мемлекеттік қызметшінің міндеті мен атқаратын жұмыс барысына тоқталып, ең алдымен оның өз саласына деген адалдығы, әділдігі және өз жұмысына деген жауапкершілігі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жұмыс барысында еңбекқорлығы мен табандылығымен көзге түскен жас мемлекеттік қызметшінің ата-аналарына қала әкімінің алғыс хаттарын табыс етіп, құрмет көрсетті.