Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай жергілікті журналистер мен осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер қаламгерлерді арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— «Сіздер халықтың үнін, қоғамның тынысын, елдің аманатын жеткізетін жауапты әрі мәртебелі міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Қай кезде де әділдік пен шындықтың жанында болып, ауданның дамуын, жетістігін насихаттауда қосқан үлестеріңіз ерекше. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» — деді аудан басшысы өз сөзінде.

Қабылдау барысында «Созақ үні» газетінің қызметкерлері мен ардагер журналистерге құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Жиын еркін пікір алмасу форматында жалғасып, БАҚ саласын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.