Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай, Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қоғамның үнін жеткізуші, шындықты ту еткен, халық пен билік арасын жалғаушы, қаламы ұшқыр, сөзі өтімді журналистерді кәсіби мерекесі атап өтілді.

Тау баурайында өткізілген салтанатты жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, халық игілігі жолында жасап жатқан еңбектеріне алғысын білдірді.

Ақпараттың дәлдігі мен жеделдігі — әрбір журналисттің басты қағидасы. Сіздер ел өміріндегі елеулі оқиғаларды елге жеткізіп, өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып келесіздер. Қызметтеріңізге сәттілік, шығармашылық шабыт пен табыс тілеймін!» — деді аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.

Мерекелік жиында жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін БАҚ өкілдері аудан әкімінің, «AMANAT» партиясының, аудандық полиция басшысының «Алғыс хатымен» аудандық мәслихат төрағасының Грамотасымен марапатталды.

Салтанатты жиында аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.