
Шымкент қаласының тұрғындарына дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу бағытында кешенді жұмыстар тұрақты жүргізіледі.

Осы мақсатта «Табиғат» қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласындағы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында біршама мекемелерде 100 аса түсіндіру, насихаттау кездесулерін өткізді.

Мемлекеттік мекемелерде, әскери бөлімдерде, құқық қорғау органдары және медицина қызметкерлері арасында, және оқу орындарында (жоғарғы оқу орындары, арнаулы оқу орындары, жалпы орта мектептеі) қамтыған түсіндіру жұмыстары діни сауаттылығын арттыру, радикалды идеологиялардың алдын алу, олардың бойында толеранттылық пен ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетті нығайтуға ықпал етеді.