
Шымкент қаласы дін істері басқармасының тапсырысымен «Табиғат тау клубы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Төтенше жағдайлар департаментінде РАТТ мүшесі Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мазмұны:
• Дәстүрлі ислам құндылықтарының жастар тәрбиесіндегі рөлі мен маңыздылығы түсіндірілді.
• Теріс діни ағымдардың зияны және олардың жастарға тигізетін ықпалы талқыланды.
• Жалған діни ақпараттардан сақ болу және тек сенімді дереккөздерге сүйену қажеттілігі айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• Қызметкерлерге дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және олардың рухани тәрбие берудегі маңызын түсіндіру.
• Теріс діни ағымдардың зияны туралы ақпарат беру және олардың алдын алу жолдарын көрсету.
• Қызметкерлердің рухани дамуын қамтамасыз ету және діни сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында қызметкерлердің діни сауаттылықты арттыруға қажетті ақпарат алып, теріс ағымдарға қарсы тұру үшін маңызды кеңестер алды. Бұл кездесу қызметкерлердің рухани дамуына және дұрыс бағыт алуға ықпал етті.