
Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, С.Сейфуллин елді мекенінде ҚХА-ның 30 жылдығына орай «Спорт – бізді біріктіреді» атты аудан жастарының арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында спорттың кіші футбол түрінен турнир болып өтті.
Турнирге «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, Ж.Ералиев а/о-нің әкімі С.Қасымов, Жетісай аудандық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Турсунов қатысты.
Бірнеше этнос өкілдері тұратын аудан жастарының арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен турнирде 12 команда бақ сынасты.
Қызықты да тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Сейфуллин, ІІ орын Арай, III орын Баққоныс командаларына бұйырды.
Турнир соңында барлық жүлдегер командалар кубоктар және арнайы дипломдарына ие болса, әдемі ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншылар бағалы сыйлықтармен, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.