
Кентау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Науаи жырлаған достық» атты бірнеше мекеме қызметкерлері арасында спорттық сайыс өтті.
Спорттық шара Кентау қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар шахмат пен үстел тенисінен бақ сынады.
Салауатты өмірді, достық пен берекелі бірлікті нығайтуды көздеген жарыстың ашылуында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғалымжан Тәжібаев еліміздегі татулықты көздің қарашығындай сақтау әрі нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін атап өте келе, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Спорт тек денсаулық кепілі ғана емес, этностар арасындағы ынтымақтастықты, достықты нығайтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде Ассамблея маңызды рөл атқаратынын атап айтқан болатын. Бұл ретте, бүгінгі жарыстың маңызы зор, — деді филиал басшысы.
Спорттық доданың қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.