Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастарыуымен «Жастар премиясы — 2024» сыйлығын табыстау салтанатты шарасы өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып,жастардың қоғамдағы рөлі мен елдің дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

Аталған премияға түрлі сала бойынша ең үздік жас мамандар іріктеліп алынды. Арнайы комиссия құрамы жеңімпаздарды анықтап, мерекелік шарада марапаттары табысталды.

Бұл шара жылдағы үрдіс бойынша жастардың отансүйгіштік, еңбекқорлық қасиеттерін арттыру, қоғамдық-саяси, мәдени және өмірдегі белсенділіктерін қолдау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Жыл бойында жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, белсенді қатысқан мамандар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Үздік жастарға арнайы диплом мен естелік сыйлықтар табысталды. Салтанатты шара қала өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.