
Астана қаласында дарынды оқушылар арасында республикалық білімділер сайысы өткен болатын. Жарысқа Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында орналасқан А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Шұғыла Пернехан қатысып, «Үздік ғылыми жоба авторы» атанды. Сонымен қатар, республикалық байқаудың I дәрежелі жеңімпазы атанып, еліміздегі 100 үздік оқушы қатарына енді.
Айта кетейік, шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы ғылымға деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткен. Нәтижесінде еліміздегі дарынды оқушылар анықталып, ғылым қуған балалар марапатталды.