Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша, «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен«Азаматтық қоғам медиациясы» әлеуметтік жоба аясында Pana coworking мәжіліс залында құқықтану-экономика, қаржылық сауаттылық мамандығында білім алатын жастарының арасында «МЕДИАЦИЯ ҚОҒАМДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСТАУЫ » атты семинар-тренингі өтті.

Тренингте жастарға бағыт-бағдар көрсеткен Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығының президенті, тренер медиатор Д.Кенжеқұлова және қаржыгер Ю.Каршибаева. Семинар-тренинг мақсаты: Медиаторлардың жұмыс тәжірибесін, Қазақстанда медиацияны дамыту жоспарын толық және жан-жақты сипаттау.

Татулық пен тұрақтылық, дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.