«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес біздің елде ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.

Ұлттық мерекелер – Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі  болып табылады.

Кәсіби мерекелер тізіміне барлығы 63 мереке кіреді. «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2024 жылғы 13 маусымда № 34492 бұйрығымен кәсіби мерекелердің жаңа тізбесін бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;

Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;

Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;

Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбі;

Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн – 1 қазан;

Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа мерекелермен қоса, тізімде әртүрлі сала қызметкерлеріне арнағлан 55 мереке бар. 23 маусымда полиция мен мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі. Ал 24 маусым – Судья және сот қызметкері күні. 28 маусымда Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні тойланады.

Кәсіби мерекелердің тізбесі:

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні– 10 қаңтар

2.Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні– 1 ақпан

3.Ұлттық басылым күні– 2 ақпан

4.Жерге орналастыру, геодезия және картография күні– наурыздың екінші сенбісі

5.Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні– 7 сәуір

6.Геолог күні– сәуірдің бірінші жексенбісі

7.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні– 16 сәуір

8.Ғылым қызметкерлері күні– 12 сәуір

9.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні– 21 сәуір

10.Байланыс қызметкерлері күні– 17 мамыр

11.Метрология қызметкерлерінің күні– 20 мамыр

12.Мәдениет және өнер қызметкерлері күні– 21 мамыр

13.Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні– мамырдың соңғы жексенбісі

14.Эколог күні– 5 маусым

15.Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні– 7 маусым

16.Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні– 9 маусым

17.Полиция күні– 23 маусым

18.Мемлекеттік қызметші күні– 23 маусым

19.Судья және сот қызметкері күні – 24 маусым

20.Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні– маусымның екінші жексенбісі

21.Малшылар күні– маусымның екінші жексенбісі

22.Медицина қызметкері күні– маусымның үшінші жексенбісі

23.Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні– 28 маусым

24.Дипломатиялық қызмет күні– 2 шілде

25.Су шаруашылығы қызметкерлері күні– 9 шілде

26.Ветеринариялық қызметкер күні– 10 шілде

27.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні– 13 шілде

28.Нотариат күні– 14 шілде

29.Балық шаруашылығы қызметкерлері күні– шілденің екінші жексенбісі

30.Металлург күні– шілденің үшінші жексенбісі

31.Сауда қызметкерлері күні– шілденің төртінші жексенбісі

32.Көлік қызметкерлері күні– тамыздың бірінші жексенбісі

33.Құрылысшы күні– тамыздың екінші жексенбісі

34.Шекарашылар күні– 18 тамыз

35.Шахтер күні– тамыздың соңғы жексенбісі

36.Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні

– қыркүйектің бірінші сенбі

37.Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні– қыркүйектің бірінші жексенбісі

38.Атом саласы қызметкерлері күні– 28 қыркүйек

39. Әділет органдары қызметкерлері күні – 30қыркүйек

40. Машина жасаушы күні– қыркүйектің соңғы жексенбісі

41.Радио күні – 1 қазан

42.Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн– 1 қазан

43.Мұғалім күні– 5 қазан

44.Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні– 6 қазан

45.Қазақстан кәсіптік одақтарының күні– 10 қазан

46. Стандарттау қызметкерлерінің күні– 14 қазан

47. Құтқарушы күні – 19 қазан

48. Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі

49. Кітапханашы күні – 24 қазан

50. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі

51. Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні – 29 қазан

52. Сыртқы барлау күні – 5 қараша

53. Статистика күні – 8 қараша

54. Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша

55. Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күні – 15 қараша

56. Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі

57. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі

58. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша

59. Адвокатура күні – 5 желтоқсан

60. Прокуратура күні – 6 желтоқсан

61. Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі

62. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні – 20 желтоқсан

63. Архивші күні – 22 желтоқсан