
Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық білім беруді дамыту орталығының » жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 24 қазан күні Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен “Түркібасы” жалпы білім беретін мектебінде «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалды сауаттылық, патриотизм» тақырыбындағы онкүндіктің жабылуына орай “Қыран елім — Қазақстаным!” тақырыбында патриоттық әндер аясында онкүндіктің жабылуына арналған әдеби — сазды кеш болып өтті.
Мақсаты: Аралас мектепте оқытылатын мектеп оқушыларын мемлекеттік тілде сөйлеп, патриоттық әндер айтып, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу. Тілдің құндылығы мен құдіретін болашақ ұрпақ бойына сіңіру.
Іс-шарада мектеп оқушылары өз өнерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, А.Тілеуқұл, С.Сабирова, У.Мирсадикова, К.Қуанышбек т.б оқушылар кеш қонақтарын өнерлерімен тәнті етті.
«Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм » тақырыбы аясындағы онкүндіктің іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлық білім беру ұйымдарында онкүндік жоспарына сай іс-шаралар өз деңгейінде түгел өткізілді. Мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру мақсатында жұмыстар аудан көлемінде жыл бойы өз жалғасын таба бермек.
«Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» демекші, тілімізді қадірлей білейік!