Ұстаздар мерекесі күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде «Ұстазыма мың алғыс!» атты ұстаздар күніне арналған аудандық мерекелік іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Таскулова Мадина Абубакирқызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатбай Қасымбек, аппарат басшысы Б.Жақыпбек, білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Досжан Кыдыралиев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбішев Дәулен, ардагер ұстаздар және аудан ұстаздары қатысты. Салтанатты іс-шараға зейнеткер, ұлағатты 10 ұстаздарымыз арнайы шақырылып, мерекелік сыйлықтармен және гүл шоқтары табысталды.
Салтанатты іс-шараға арнайы келген қонақтар әуелі білім беру ұйымдарының көркем еңбек және үйірме жетекші педагогтері ұстаздар мерекесіне орай арнайы әзірлеген » Гүлдер көрмесін» тамашалады. Көрмеге гүлдерден, жеміс-жидек, көкөністерден әзірленген түрлі композиядағы жұмыстар қойылды. Сонымен қатар, қонақтарды Мәдениет үйінің алдында аудандық «Балалар өнер мектебінің «Ұлт- аспаптар» оркестрінің өнерін тамашалады.
Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада жалпы — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен 5, облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен » 12, облыс және аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен » 11, Түркістан облысының білім басқармасының » Құрмет грамотасымен» 14, аудандық, облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен марапатымен 12 педагог, жалпы- 42 педагог марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен » ұстаздарды марапаттады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатбай Қасымбек : Өмір жолын қиын жол деп әрдайым, тәрбиелеп ақылды қып өсірген ұлағатты ұстаздарды тамаша төл мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді.
Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Таскулова Мадина Абубакирқызы сөз кезегін алып, Ұстаз — жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол — екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді, — дей келе бес ұстазымызға «Ы. Алтынсарин» төсбелгісін табыстады.
Жиын барысында білім бөлімі басшысының мінжетін уақытша атқарушы Досжан Кыдыралиев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, білім саласында шығармашылық жетістіктерге жеткен бірқатар ұстаздарды марапаттады.
Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбішев Дәурен ұлағатты ұстаздарды (Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін( төсбелгісімен және құрмет грамоталарымен марапаттады.
Салтанатты іс-шара соңы Балалар » Өнер мектебінің», Састөбе өнер мектебінің өнерпаз шәкірттерінің орындауында » Ұстазыма» хор, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі , әнші-сазгер Рысты Әлімбеттің орындауында » Қазақстаным» әні, «Қаракөз» би тобының » Нәзігім» биі, «Қазына» дуэтінің » Келші жаныма» әндерімен ұстаздарға əзірлеген концерттік бағдарламасымен ұласты.
Сонымен бірге, Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов түлкібастық ұстаздарды мерекелік құттықтау жолдады:  Құрметті ұстаздар! Қадірлі сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
«Ұстаз – ұлы есім». Өйткені кез-келген ұлттың болашағы — ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі — ұстаздардың қолында. Сондықтан білімді де тәрбиелі, саналы ұрпақ өсуі ұстаздарға болашақ азаматтарын оқыту, өз Отанын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу сияқты зор міндеттер жүктеліп отыр.
Өздеріңізге аян бүгінде елімізде білім саласында көптеген реформалар жүргізіліп, тың өзгерістердін арқасында бүгінгі күні оқушылар әлемдік деңгейдегі білім жүйесінде білім алуда. Күнде жаңа реформалармен толығып жатқан білім саласында ұстаздарға көптеген жауапкершіліктер артуда.
Бүгінде ауданымызда 61 білім ошақтарында 3177 ұстаз қызмет етуде.
Ұстаздардың білім деңгейін арттыру мақсатында жыл басынан бері «Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы» аясында 515 ұстаз білім алды.
2023-2024 оқу жылдарында жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында 66 жас маманға көтерме жәрдемақы төленсе, 2 маманға тұрғын-үй сатып алуға жеңілдетілген пайызбен несие берілген.
Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі. Сол себептен шәкірттің білімді де тәрбиелі, саналы болып өсуі ұстаз қолында. Сапалы білім беру, жақсыдан үйрену, жаңалыққа құштар болу үнемі жаңаруды, заман талабына сай алға қадам басуды қажет етеді. «Білімдінің қолында алтын шырақ» дейді халық даналығы, ұрпақ тәрбиесінде осы қағида ылғи да биік тұруы қажет деп білемін.
Ардақты ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен тағыда құттықтай отырып, қоғам алдында міндеттеріңізді абыроймен атқарып, еліміздің болашағы үшін атқарып отырған қызметтеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!».